Өзбекстан президенті Ислам Кәрімов ертең Түркіменстанға барады

Ол президент Гурбанқұлы Бердімұхамедовпен келіссөз жүргізеді. Көршілес елдердің басшылары түркімен табиғи газын Ресейге Өзбекстан арқылы тасымалдау мәселесін талқыламақ. Сол сияқты, Түркіменстаннан Қытайға Өзбекстан арқылы баратын газ құбыржолын салу мәселесі талқыланбақ.