Филиппин астанасындағы жарылыстан кейін қауіпсіздік қатаңдатылды

МАНИЛА: Филиппиннің астанасы – Маниланың сауда орталығында жарылыс болып, кем дегенде 8 адам мерт болып, 10-даған кісі жараланды. Жарылыстың себептері әлі толық анықталған жоқ. Мамандар тұтыныс газының жарылғаны туралы бастапқы жорамалды қабылдамады. Полиция қала мен халықаралық әуе жайдағы қауіпсіздік шараларын күшейтті.