Торғай даласында бүгін Ресейдің "Союз" ғарыш кемесінің аппараты қонды

Екі Ресей ғарышкері және Малайзияның тұңғыш ғарышкері Жерге аман-есен оралды. Федор Юрчихин және Олег Котов ғарыш станциясында жарты жыл жұмыс істеді. Малайзияның тұңғыш ғарышкері орбитадағы станцияға қазанның 12-де келген болатын. Қону аппараты әдеттегідей Арқалық қаласының маңында емес, Арқалыққа 300 шақырымдай жетпей қонды.