Қырғыз президенті парламентті тарату жөніндегі қаулыға қол қойды

Қырғыз президенті Құрманбек Бакиев жексенбі күнгі референдумда констиуцияға өзгеріс енгізу мақұлданған соң, қазіргі парламентті тарату жөніндегі қаулыға қол қойды. Бакиев сондай-ақ, кезектен тыс сайлаулардың мерзімі туралы да жариялауы керек. Қазіргі парламенттің жұмысын сынай келе Бакиев:

“Парламент көп жағдайда атқарушы билікті қайталап келді. Олар конституция бойынша жеке тағайындауларға ғана ықпал етіп қоймай, үкімет пен министрліктердің күнделікті шешімдеріне әсер етуге тырысып келді”, - деген.

Бұл рефендумда дауыс беру құқы бар 80 процент сайлаушының 75 пайыздайы жаңа құжатты қолдап дауыс берген. 4 процент қарсы дауыс берген. Ол құжат бойынша парламенттің жауапкершілігі кеңейеді. Оппозиция бұл рефрендумға тек 35 процент сайлаушы ғана қатысты деп отыр.