Ауғанстандағы әскери әрекеттерді күшейту ісінде НАТО біраз қолдауға ие болды

НАТО-ға 26 мүше елдің 9-ы сондай қолдауды ұсынды. Талибанмен күрестегі негізгі салмақ түсіп отырған елдер НАТО одақтастарын Ауғанстандағы әскер көлемін көбейтуге шақырған болатын. Нидерландияның Нурдуйк қаласында өтіп жатқан НАТО Қорғаныс министрлерінің 2 күндік басқосуында Талибанға қарсы күрес міндеттерінің одақтастар арасында әділдікпен бөлінуі талқылануда. Германия мен Франция болса, Ауғанстандағы әскер санын көбейту емес, ондағы қауіпсіздікті, қайта құруды, даму шараларын нығайту қажет, дейді.