Күрд жұмысшы партиясы шабуылдарын тоқтату үшін Түркия қажетті шараларға барады, деді Абдулла Гүл

Анкарадағы конференцияда сөйлеген сөзінде Түрік президенті сондай-ақ Ирақ жерінің біртұтастығын Түркияның сыйлайтындығын айтты. Алайда Ирақ жерінің лаңкестер тарапынан Түркияға шабуыл алаңы ретінде пайдаланылуы шыдамымыздың шегіне жеткізді. Және оған бұдан былай төзу болмайды, деді Гүл мырза.