Ирақтағы жанкештілік шабуылдан кемінде 27 полиция қызметкері қаза тапты

Бүгін Ирақтың Бақуба қаласындағы полицияның жаттығу лагері жанында бір жанкешті өзін-өзі жарып жіберді. Оның салдарынан жаңадан жұмысқа алынған кемінде 27 полиция қызметкері қаза тауып, 20-дан астам адам жарақат алды. Ресмилердің айтуынша, велосипед айдап келген әлгі жанкешті жаттығудан өту үшін лагерге кірмекші болған полицейлерге шабуыл жасаған.