Тәуелсіз журналист Әлішер Сайповтың өлтірілуі Орта Азиядағы сөз бостандығына едәуір көлеңке түсіруде, деді аталған хұқық қорғаушы топ. Тегі жағынан өзбек Сайпов Қырғыз азаматы болатын. Оны белгісіз біреу қазанның 24-і күні газет кеңсесінен шығып бара жатқан кезінде үш рет атып кеткен. Марқұм журналист Өзбек президенті Ислам Каримов билігін мақалаларында қатты сынаушы еді.