Ирақта ұрланған Азаттық-Фарда радосының тілшісі босатылды

Бағдадта осыдан екі аптадай уақыт бұрын көлігінен ұрлап әкетілген Фарданың тілшісі Жумана әл-Обаидиді кепілдік тұтқынына алушылар бостандыққа жіберген. Азаттық радиосының президенті Джеф Гедмин Жумана қатаң сынақтан өтті деп айтты өз мәлімдемесінде. Ол сондай-ақ Жумана сияқты журналистер күн сайын қауіп-қатерді бастан кешіреді, бұларды ержүрек адамдар деп атау керек деді.