АҚШ Мемлекеттік хатшысы бүгін Палестина басшыларымен кездесті

Құрама Штаттарда болатын бейбітшілік конференциясы қарсаңында Израйль мен Палестина арасындағы қайшылықтардың тігісін жатқызуға Кондолеза Райс тырысуда. Ол Израйльге қарашаның 3-де келіп, жексенбіде Израйль Сыртқы істер министрі Ципи Ливнимен сондай-ақ, Израйльдің басқа да ресмилерімен кездескен еді.