Қара теңізді төгілген мұнайдан тазалау одан әрі жалғасуда

Төгілген 2000 тонна мұнайды тазалау істеріне бірнеше жүздеген құтқарушылар мен жауынгерлер жұмылдырылған. Жексенбідегі алапат дауылдар салдарынан Керч бұғазында осындай апат болған-ды. Дауыл кесірінен 10-нан аса кемелер қирады. Қара теңіздің Ресей сулары тарапында 5 теңізші, ал Украин сулары жағында 15-тен астам теңізші хабарсыз кетіп отыр. Ресей үкімет басшысы оқиға орнына келді.