Иранның ядролық бағдарламасына орай қатаң тиымдарға ұмтылатындығын Британия үкімет басшысы ескертті

Гордон Браун Лондонда, дүйсенбіде сөйлеген сөзінде осылай деді. Еуропа одағы мен БҰҰ-ның Атом энергиялық агенттігі баяндамаларында Техраннан ілгерілушілік белгілері болмаса, онда Иранның мұнай-газ өндірісіне инвестиция жасауға тосқауыл қою жолдарын іздестіретіндігін айтты.