Ауған мен НАТО күштері Талибандарға қарсы жаңа операцияларын бастады

Ауғандық және НАТО бастаған халықаралық күштер бірігіп, Ауғаныстанның оңтүстігіндегі Талибан жауынгерлерімен соғысып жатыр. Бүгін Ауған Қорғаныс министрлігінің өкілі Захер Мурад хабарлап отырғандай, ол шайқаста кемінде 12 талибандық өлтіріліп, 15-і жараланды. НАТО күштері бүлікшілер орналасқан жерге әуе шабуылдарын бастап, хабарларға қарағанда, қақтығыс жалғасып жатыр.