Косовоның біржақты жағдайда Сербиядан тәуелсіздік жариялаудан бойын аулақ салуына Еуропа одағына мүше елдер шақыруда

Ол тәуелсіздік халықаралық қауымдастықпен келісілуі тиіс, деді бүгін Швеция Сыртқы істер министрі. Тәуелсіздікке байланысты келіссөздердің соңғы межесі деп белгіленген 10-желтоқсаннан кейін Косово парламенті өз тәуелсіздігін жарияламақшы. Бұл жөнінде Албандардың бұрынғы көтерілісшілер басшысы Хашим Тачи хабарлады. Ол болашақта Косовоның үкімет басшысы болады, деп күтілуде.