АҚШ Пәкістан шекарасында соғысушылармен күресетін бөлімшелерді ашып жатыр

АҚШ қорғаныс министрлігі Талибан және Әл-Қаида соғысушыларымен күресу мақсатында Пәкістанның әскери күштерін жаттықтыру және жабдықтау жөніндегі бағдарламаны бастап жатқанын хабарлады. Пентагон баспасөз-хатшысының мәлімдеуінше, бұл жоспар бойынша Пәкістан мен Ауғанстан арасындағы шекарада жаттығу орталығы мен бірлескен бақылау бекеттерін ашу көзделіп отыр. Бұл жоспарды Пәкістан үкіметі қолдап отыр дейді АҚШ баспасөз хатшысы.