Пәкістан Орталық сайлау комиссиясының басшысы Қази Мұхаммад Фаруқ бұл жөнінде мемлекеттік теледидардан хабарлаған. Дүйсенбі күні президент Первез Мүшарраф сайлау өткізетін күн деп қаңтардың 8-ін таңдағандығын айтқан болатын. Өткен демалыс күндері АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары Джон Негропонте Мүшаррафты екі апта бұрын енгізілген төтенше жағдай тәртібін алып тастауға, қалыпты саяси күштермен келіссөздер жүргізуге, сондай-ақ Армия қолбасшылығынан мүмкіндігінше тез арада бас тартуға шақырған болатын.