Пәкістан күштеріне қарсы екі жанкештілік шабуыл болды

Бүгін пәкістандық әскерилерді нысанаға алған екі бірдей шабуылдан 15 сарбаз қаза тапты. Кейбір ақпараттар қаза болғандар саны 30-ға жетті деп айтуда. Екі жанпидашы ел астанасы Исламабадтың оңтүстігіндегі әскери Равалпинди қаласында жарылыс жасап отыр. Бір шабуыл әскерилер мінген автобусты жарып жіберді, екіншісі армия күштерінің бекетінде жарылды.