Бағдадтағы шабуылдардан 12 адам қаза болды

Бүгін Ирақтың қауіпсіздік күштері хабарлағандай, Бағдадта болған бірқатар шабуылдардан кемінде 12 адам қаза болды. Тағы 22-сі жарақат алды. Денсаулық сақтау министрлігі жанында болған көлік жарылысынан тоғыз адам құрбан болса, жол бойына қойылған бомба жарылысынан екі кісі опат болып, алтауы жараланған. Үшінші әл Вазириядағы жарылған жол бомбасы бір адамның өмірін қиған.