Сербия Косовоның бір сүйем жерін де бермейміз деп мәлімдеді

Осы елдің үкімет басшысы Войслав Коштуница аталған мәлімдемесін Косово болашағы жөніндегі соңғы келіссөздер тізбегі алдында жасады. Келіссөздердің соңғы уақыт межесі- 10-ы желтоқсан. Содан кейін АҚШ, Ресей және Еуропа одағы ара ағайындары сөйлесулер қорытындысын БҰҰ-на баяндайтын болады. Косово тәуелсіздігін бір жақты жағдайда жариялайтындықтарын Косово басшылары мәлімдеп отыр.