Ресей зымыраннан қорғанысқа қатысты АҚШ ұсынысын сынады

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Еуропадағы зымыраннан қорғанысқа байланысты ынтымақтасу жөніндегі АҚШ-тың ұсынысын сынады. Лавровтың мәлімдеуінше, қаза айында АҚШ мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райспен кездесуде талқыланған ұсыныстарды Вашингтон ескермеген. Дүйсенбі күні Ресей мен АҚШ ресмилері зымыраннан қорғаныс мәселесін қайта талқылаған болатын.