БІШКЕК: Бүгін Қырғызстанда А.Атамбаев премьер-министрдің міндетін атқарушы қызметінен босатуды сұрап, президент Қ.Бәкиев оның өтінішін қанағаттандырды. Қ.Бәкиевтің баспасөз-қызметі хабарлағандай, А.Атамбваев үкімет басынан өз ықтиярымен кетті. А.Атамбаев – премьер-министр болып саяси оппозицияның жаппай митингісін бастауының алдында ғана өткен наурыз айында тағайындалды. Қазан айында Қырғызстанның жаңа Ата заңы қабылданған соң, оның үкіметі міндетін атқарушы болып қалды.