Пәкістан президенті бүгін азаматтық президент ретінде ант қабылдамақшы

Осылайша Первез Мушарафтың 5 жылдық президенттігінің екінші кезегі, ал азаматтық президенттігінің бірінші кезеңі басталмақшы. Сәрсенбіде ол әскер басшылығынан кеткен болатын. Мушарафтың бұл қадамын АҚШ президенті қызу қуаттады. Дей тұрғанмен, қаңтардың 8-дегі сайлаулар қарсаңында елге салынған төтенше жағдайды алып тастауға Джордж Буш шақырды.