Мадридте ОБСЕ министрлері Қазақстанның осы ұйымға төрағалық ету талпынысы мен Ресейдегі сайлау жағдайын талқылауда

Аталған ұйымға мүше 56 елдің сыртқы істер министрлері Қазақстанның ОБСЕ-ге 2009 жылы төрағалық етуге берген өтінішін қарады. ОБСЕ-ге мүше бірқатар мемлекеттер, соның ішінде АҚШ пен Британия Қазақстандағы адам хұқтары мен демократия жағдайына алаңдағандықтан, Қазақстанға ОБСЕ төрағалығын беруді 2011 жылға қарай шегеру керек деген ұсыныс айтқан болатын. ОБСЕ министрлерінің екі күндік бас қосуының күн тәртібіне сондай-ақ Ресейде 2-желтоқсан күні өткелі отырған Мемлекеттік дума сайлауы және Косово мен Ауғанстан мәселелері де шығарылған.