Ауғаныстанда 40 талибан жауынгері өлтірілді

Ауған ресмилері ауғандық және шетелдік күштер 40 шақты талибан жасағын өлтірді деп хабарлап отыр. Қандағар провинциясының басшысы Саид Сақибтың айтуынша, сенбі күні елдің оңтүстігіндегі аймақта 35 бүлікші өлтірілген. Кейін ауғандық әскерлер сенбі күні түнде тауларда тығылып жүрген тағы бір топтың бес жауынгерін өлтірген. Олардың арасында аймақтық содырлар жетекшісі Мулла Файзулла бар екені айтылуда.