Германия канцлері Ресей сайлауын сынады

Бүгін Германия канцлері Ангела Меркель Ресейдегі парламент сайлауларын ұйымдастырушыларды сайлау бақылаушыларын шектеген деп сынады. Германиялық радиоға берген сұхбатында Меркель ханым, өзінің бұл Ресей сайлауына ЕҚЫҰ-ның бақылаушылары қатыса алмағандығына өкініш білдірді. Меркел сондай-ақ, Еуропа Ресейді адам құқықтарын сыйлауға шақырады деген.