Пәкістандағы жарылыстан 6 адам опат болды

Пәкістанның Балучистан өлкесіндегі бір медреседе орын алған жарылыстан 6 адам құрбан болды. Полиция мен бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, жарылыстан сондай-ақ кемінде 3 адам жарақат алған. Құрбан болғандардың көбі осы діни мектепте оқып жүрген студенттер деп хабарлануда.