Украинада үкімет басына да, парламентке де “қызғылт-сары коалиция” отырады

КИЕВ: Бүгін Украина парламенті – Жоғарғы Рада - өзінің төрағасын сайлауға тиіс. Президент В.Ющенконы қолдайтын “Наша Украина-Народная Самоборона” саяси блогінің өкілі әрі В.Януковичтің биліктен кететін үкіметінің құрамында сыртқы істер министрі болған Арсений Яценюктің спикер болатын мүмкіндігі басым. Оны “қызғылт-сары коалицияның” депутаттары қолдауға дайын тұр. “Наша Украина-Народная Самоборона” блогі мен Ю.Тимошенко блогінің өзара келісімі бойынша, президентшіл блоктің өкілі Жоғарғы Раданың спикері болуға, ал Ю.Тимошенко – премьер-министр болуға тиіс.