Тәуелсіз телебекеттің иелігіне салынған тиымдарды Грузия соты алып тастады

Өткен айда болған үкіметке қарсы шерулер барысында ел басшылығы Имеди атты теледидарды әуеге шығармай қойған болатын. Қаңтардың 5-іне белгіленген сайлауалды науқан кезінде аталған теледидарға тиымды жоюды елдегі оппозиция мен Батыс елдері Грузия ресмилерінен талап еткен еді. Сәрсенбі күні мемлекеттік байланыс агенттігі Имедиге хабар тарату лицензиясын қайта тапсырды.