Президент Уго Чавес Беларус елін алдағы төрт жыл бойына мұнаймен қамтамасыз етеміз деп Беларус президенті Александр Лукашенконың Венесуэлаға алғашқы сапары аяқталар алдында мәлімдеді. Чавес бен Лукашенко сондай-ақ әскери ынтымақтастық туралы келісімдерге де қол қойып, бірлескен мұнай және газ кәсіпорындарын құруға келісті.