Бүгін Грузия президенттік сайлауына үміткер ретінде тіркелудің соңғы күні

Өткен айда қауіпсіздік күштері шерушілерді аяусыз басып тастағаннан кейін президент Михайл Саакашвили ерте сайлауды белгілеген болатын. Желтоқсанның 9-ы күні оппозиция басшыларының бірі Бадри Патаркацишвили үміткер ретінде тіркелді. Сол шерулер кезінде оның Имеди атты телебекетіне шабуыл жасалып, содан кейін оны үкімет жауып тастаған еді. Имедиге тиым алынып тасталды.