Әлемдік Сауда ұйымына мүшелік жөніндегі сөйлесулерді келер жылы аяқтауға Қазақстан үміт артады

Бұл жөніндегі мәлімдемені президент Нұрсұлтан Назарбаев Астанада бүгін болған шетелдік елшілермен жыл сайынғы кездесуінде жасады. Мұнай, металл, астық экспорттаушы Қазақ елі ауылшаруашылығына мемлекеттік қолдауды қазіргі деңгейінде сақтайтындықтарына сендіруде.