ЕҚЫҰ Өзбекстан, Ресей, Қырғызстан елдерінде адам құқығы бұзылды дейді

Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық ұйымы 2006 жылдың сәуір айынан 2007 жылдың сәуіріне дейін аталған ұйымға мүше елдерде адам құқықтары бұзылған 100-ден аса оқиғаны атап көрсетті. Еуропалық ұйымның баяндамасында осы мәселеге байланысты Өзбекстан, Ресей және Қырғызстан елдері сынға алынды.