Қазақстан Дүниежүзілік Сауда Ұйымына мүшелік жөніндегі келіссөздерді келесі жылы аяқтауға үміт артады

Қазақстан Дүниежүзілік Сауда Ұйымына мүшелік жөніндегі келіссөздерді келесі жылы аяқтауға үміт артып отыр. Бұл туралы президент Нұрсұлтан Назарбаев кеше Астанада болған шетелдік елшілермен жыл сайынғы кездесуінде хабарлады. Мұнай мен металл және астық экспорттаушы Қазақстан елі ауылшаруашылығына мемлекеттік қолдауды қазіргі деңгейінде сақтайтындығына сендіруде.