ТАЯУ ШЫҒЫС: Сейсенбіге қараған түні Израильдің әуе күштері Газа аймағына әуеден соққы беріп, палестиналық 3 партизан қаза тапты, тағы бірнешеуі жараланды. Израиль армиясының хабарлауынша, әуе соққысы Израиль мен Газа аймағының арасындағы шекара шебіне жақындап келген 2 қарулы топты нысанаға алды.