Ирақтың оңтүстігінде бомба толтырылған үш көлік жарылысында көптеген адам қаза тапты деп хабарланды

Амара қаласында болған бұл бомба шабуылдарында жараланғандар саны да аз емес. Құрбан болғандардың нақты саны әзір анықталмай жатыр, Ирақ теледидары 30-дай адам деген хабар таратты. Жарылыстардың әрқайсысы қаланың орталығында бірнеше минуттар ішінде орын алған. Негізінен шииттер мекендейтін Майсан аймағындағы қауіпсіздік жауапкершілігін Британия жасақтары Ирақ билігіне сәуір айында берген болатын.