Косово өз тәуелсіздігіне ұмтылған тұстағы бұл шешім жөнінде Португалияның төрағалық етуіндегі Еуропа одағы Брюссельдегі саммиттен кейін жариялады. Ұйымның “заңдық қалыптар” атты қызметі құрамында 2 мыңдай жасақ болмақшы. БҰҰ немесе жергілікті ресмилер тарапынан шақырту жасалысымен бұл күш Косовоға жедел аттанбақшы.