Ауғанстандағы шабуылдан 15 күзетші опат болды

Ауғанстанның батысында орын алған тәліптердің шабуылынан АҚШ жекеменшік компаниясында жұмыс істеген 15 ауған күзетшісі қаза тапты. Ауған полициясының хабарлауынша, Фарах өлкесінің Бала Булук ауданындағы шабуылдан сондай-ақ USPI деп аталатын компанияның тағы 5 қызметкері жарақат алған.