Польша премьер-министрі Кристмас алдында Ирақтағы әскерлерін аралап көрді

Польшаның жаңа үкіметбасы Доналд Тусктің бір күндік сапары барысында Бағдадтың оңтүстігінен 130 шақырымдай жерде жатқан Диуаниада қауіпсіздік шаралары қатайтылды. Ирақта Польшаның 900-ге жуық жасағы орналасқан. Тусктің үкіметі Ирақтағы жасақтарын келесі жылы қайтаруды көздейді, Польша президентінен 2008 жылдың қазан айына дейін әскерлерді толық шығару шешімін мақұлдауы сұралған.