Ираның Бушеріндегі атом-электр стансасы 2008-інші жылы іске қосылады

МӘСКЕУ: Ресейлік “АтомСтройЭкспорт” компаниясының президенті Сергей Шматко Иранның Бушеріндегі атом-электр стансасы құрылысының 2008-інші жылдың соңына қарай аяқталатынын мәлімдеді. Шматко атап көрсеткендей, құрылысты аяқтаудың мерзімі тапсырыс беруші – Иран жағымен келісілген, бірақ нақты күнін атамады. Ресей жағы соңғы сәтке дейін құрылысты қаржыландыру жөніндегі өз міндеттемелерін орындамайды деп Иранды айыптап келсе, өз жағынан Иран оны теріске шығарумен болды.