Ресми Астана бұрынғы депутатты сот арқылы қудалау үстінде

АСТАНА: Бүгін Астана қаласының әкімшілік сотында Қазақстан Парламенті Сенатының бұрынғы депутаты Зәуреш Батталованың ісі қаралды. Экс-сенатор әрі саяси оппозицияның белсенді мүшесі болып табылатын Зәуреш ханымға 15-желтоқсан күні Астанадағы рұқсат етілмеген жиынға шықты деген айып тағылып отыр.