Иран таяу арада 19 ядролық қуат бекеті құрылысына халықаралық бәйге жарияламақшы

Олардың әрқайсысы 1000 мегаваттық электр қуатына ие болмақшы. Бұл жөнінде Иран парламентінің Ұлттық қауіпсіздік және шетелдік саясат комитеті өкілі хабарлады. Иран атомдық бомба жасамақшы, деген Батыс елдері қаупін Иран жоққа шығарып келеді.