Пентагон Ауғанстанға қосымша әскер жіберу мәселесін қарастыруда

АҚШ Қорғаныс министрі Роберт Гэйтс Талибанның көктемгі шабуылдарының алдында АҚШ күштерінің санын көбейту үшін Ауғанстанға 3 мың қосымша әскер жіберуді ойластырып жатыр. Бұл туралы Пентагон баспасөз-хатшысы хабарлады.