Х.Тачи Косовоның премьер-министрі болып сайланды

Косово парламенті бұрынғы көтерілісшілер басшысы Хашим Тачиді осы даулы аймақтың премьер-министрі етіп сайлады. Ал оның алдында парламенттегілер Фатмир Сейдиуды екінші мерзімге президент етіп сайлаған болатын. Осы аптаның басында коалиция құрған Демократиялық Лигасы мен Демократиялық партиясы Косовоның Сербиядан бөлініп шығуын қолдайды.