Нигерияның Харкорт портында бүгін мұнай танкері өртенді

Кемінде 30 адам қаза тапты. Оқиға мұнай өндірілетін оңтүстік аймақта орын алды. Мұндай оқиға апта басында да болды. Аймақта белсендік танытатын көтерілісшілер Харкорт портында танкерді бомбамен жарған, өрт салдарынан үш адам жарақат алған болатын.