Дж.Буш Таяу Шығыста жүргенде Ливанда АҚШ өкілдеріне қастандық жасалды

БЕЙРУТ: Кеше Бейрут қаласының шетінде АҚШ елшілігінің автокөлігін нысанаға алған жарылыстың салдарынан 4 кісі қаза болып, тағы бірнеше адам жараланды. АҚШ-тың мемлекеттік департаментінің ресми өкілі Шон МакКормак мәлімдегендей, жарылыстан 4 Ливан азаматы мерт болған. Сонымен қатар АҚШ елшілігінің көлігін жүргізетін Ливан азаматы да жарақат алды. Бұл қастандық АҚШ президенті Дж.Буш Таяу Шығыс елдерінде сапарда жүрген кезінде іске асырылып отыр.