Ресми Мәскеу көрші әрі туыс Украинаның ішкі істеріне араласа бастады

КИЕВ: Кеше Ресейдің Украинадағы елшісі егер Украина НАТО-ға мүше болып кіретін болса, онда Мәскеу Киевпен арадағы қарым-қатынасын қайта салмақтайды деп мәлімдеді. Ресей елшісі В.Черномырдиннің Интерфакс агенттігі келтірген тағы бір сөзіне қарағанда, Украина басшылығы ол мәселе бойынша референдум өткізуге тиіс. Ал одан 1 күн бұрын Украина өзін толық мүше болуға жол ашатын іс-қимыл жоспарына кіргізу туралы НАТО-ға ресми түрде өтініш берді.