Аяздың салдарынан Қазақстанның шығысында мектептегі сабақ тоқтатылды

СЕМЕЙ: Кеше Семей қаласында қақаған аяздың салдарынан орта мектептердегі 1-іншіден бастап 11-інші сыныптардағы сабақтар түгел тоқтатылды. Ол туралы Төтенше жағдайлар бойынша Семей қалалық басқармасының бастығы Марат Дүкенов хабарлады. Оның мәліметі бойынша, қаладағы ауаның температурасы 31 градусқа дейін төмендеді. М.Дүкеновтің сөзіне қарағанда, қаладан шығатын барлық жол ашық, қаланың барлық кәсіпорны жұмыс істеп тұр.