Пәкістандық күштер 40 шақты содырды тұтқынға алды

Пәкістандық күштер Ауған шекарасындағы оңтүстік Вазиристанда 40 содырды ұстағанын хабарлады. Әскерилер өкілі Атхар Аббастың айтуынша, бүгінгі тұтқындау әрекеттері соңғы күндері осы аймақта 90 шақты содыр өлтірілген екі түрлі қақтығыстан кейін болып отыр.