ЖАҢАЛЫҚТАР Польшада әскери ұшақ құлап, 18 адам қаза тапты 24 қаңтар 2008 жыл, 01:05 Испанияда жасалған ұшақ Мирославец қаласында орналасқан әскери әуежайға жеткенде құлап, өртеніп кетті. Апат себебі әзірше белгісіз. Ұшақта отырған офицерлер ел астанасы Варшавада әуе қауіпсіздігіне арналған конференциядан қайтып келе жатқан.