Тәліптер жеңіске жетсе, елдің болашағына қауіп төнеді дейді Хамид Қарзай

Ауғанстан президенті "Вашингтон пост" басылымына берген сұхбатында тәліптер басымдыққа ие болса, елдің келешегі қараңғы, бей-берекеттік орын алады дей келе, халықаралық қауымдастықты экстремистерге қарсы күресте көмектесуге шақырды. Ауған басшысының сөзіне қарағанда тәліптерге сырттан көмектесіп отырған күштер бар, бірақ олардың нақты кімдер екендігін ол атамаған.